Алматыдағы көліктердің 23%-ы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді

1139

Қалада мобильді экопатрульдер іске қосылды.

Алматыдағы көліктердің 23%-ы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді

Қазір уақытта Алматы полициясы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы техникамен жабдықталған патрульдік полицияның 11 экипажы күн сайын жолға шығады. 

"Іс-шараның басынан бері екі жарым мыңнан астам көлік тексеруден өтті, оның 1 193-і дизельмен, 1 357-сі жанармаймен жүреді. Тексерілген көліктердің 23%-ы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді. 589 көлікте газ шығарынды мөлшері шамадан тыс көп болған. Сонымен қатар бүгінде қалаға кіре берісте 19 экологиялық бекет орнатылып жатыр. Олар өлшеу құралдары, бейнебақылау камерасымен жабдықталған", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. 

2021 жылдың наурыз айынан бастап барлығы 139 746 көлік тексерілді, оның 21 751-інде улы газ шығару нормадан асып кеткені анықталған. Соған сәйкес көлік жүргізушілеріне шара қолданылған.

"ҚР ӘҚбК-нің 334-бабына сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері, сондай-ақ пайдалану кезінде олардан туындайтын шу деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормалардан) асатын автокөліктерд және қондырғыларды пайдаланғанда айыппұл салынады не ескерту жасалады, жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін", – деді Манап Саттаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу