Алматыдағы қонақ үй саны Баку, Тблиси, Ташкентке қарағанда аз

217

Оңтүстік мегаполиске жаңа қонақ үйлер қажет. 

Алматыдағы қонақ үй саны Баку, Тблиси, Ташкентке қарағанда аз Фото: гостиница Алматы

Өткен жылы Алматыда туристік ағынның ең көп өсуі Үндістан, Италия, Оңтүстік Корея, ҚХР, АҚШ пен Ұлыбританиядан байқалды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Туристік ағынның елеулі өсуі аясында Алматының туристік әлеуетін одан әрі іске асырудың негізгі тежеуші факторы – туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы. Бұл нөмірлік қордың шектелуі және евент туризм дамыту үшін мамандандырылған инфрақұрылымның болмауы. Алматы қаласында бүгінде 11,4 мың нөмір бар 354 қонақ үй жұмыс істейді. Бұл Бакумен салыстырғанда – 3,5 есе, Тблисимен – 2,7 есе, Ташкентпен 2,2 есе төмен. Осыған байланысты жаңа қонақ үйлердің құрылысына ерекше назар аударып отырмыз", - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Туристік инфрақұрылымды дамыту шетелдік туристерді 2024 жылғы 600 мыңнан 2030 жылы 1 млн адамға дейін 10 пайыз деңгейінде жыл сайынғы өсіммен қатар жүретін болады, деді шаһар басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу