Алматыдағы қонақ үйлер стационар ретінде жабдықталуы мүмкін

774

Тамыз айында күніне 2 мың науқасқа дейін тіркеліп, пессимистік сценарий келген жағдайда Алматының денсаулық сақтау саласына жауапты мамандар қосымша қосымша 2 мың төсек орындық стационар ашпақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматыдағы қонақ үйлер стационар ретінде жабдықталуы мүмкін

"Біз қазіргі уақытта стационар ретінде жабдықтауға болатын қонақ үйлер мен басқа да мекемелерімізді іздестіріп, қарастырып жатырмыз", - деді әлеуметтік желі арқылы баспасөз мәслихатын өткізген Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша қазіргі уақытта қолда бар стационарларда 500 төсек орындық жас сақтау бөлімдері дайын тұр. Қазір олардың жартысына жуығында адамдар жатыр. Бәрі де өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

"Қазіргі агрессивті штам өршіген сайын өлім саны артады. Осы уақыт аралығында одан 1092 адам қайтыс болды. Биыл 1 қаңтар мен 26 шілде аралыңғында жалпы коронавирус індетінен қайтыс болғандардың саны 700-ден асты", - дейді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу