Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты

353

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты Фото: canva.com

Өрт Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінен шыққан.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінен шыққанын анықтады.

Қонақ үй қызметкерлері келушілерді сыртқа шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізілді.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт толық сөндірді. Өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу