Алматыдағы көрмеге әлемнің 5 мыңнан астам туристік фирмасы қатысып жатыр

1434

Алматыдағы көрмеге әлемнің 5 мыңнан астам туристік фирмасы қатысып жатыр

Алматыда әлемнің 5 мыңнан астам туристік фирмаларының қатысуымен көрме-форум өтіп жатыр. Туризммен-ақ халқын асырап, жылына миллиардтаған доллар табатын мемлекеттер Қазақстанда тәжірибелерімен бөліспек, деп хабарлайды almaty.tv.

"Мысыр емдік, демалу және тарихи жерлерді аралау сынды сан түрлі бағыттарда туризмді жоғары жолға қойған. Бірақ осындай көрме арқылы біз елді таныстыруды әлі де жалғастыра бермекпіз. Алматыда өтіп жатқан көрмеге мыңдаған компаниялардың өкілдері келді. Олар осы арқылы-ақ сіздердің туристік фирмалармен байланыс орнатып, елдеріңізді насихаттай алады. Біз сіздердегі  қызмет сапасын жоғарлату жолы бойынша студенттерді өзімізге апарып, тәжірибемен бөлісуге  дайынбыз", - деді Мысыр Араб республикасы елшілігінің атташесі Немдан Ибраһим.

Былтыр Анталия, Алания, Стамбул сынды бес қаласы арқылы 32 миллион турист тартқан Түркия билігі де Алматыда өтіп жатқан көрмеге қатысып жатыр.

"Түркия көптеген сала бойынша Қазақстанмен достық қатынаста. Қазақстан географиялық мүмкіндіктері, көрікті жерлері, табиғаты арқылы туризмі жоғары елдердің қатарынан көрінуге мүмкіндігі бар. Былтыр Қазақстаннан 400 мың демалушы Түркияға барса, биыл оны 600 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылы еліміз туризм арқылы 30 миллиард доллардан артық кіріс кіргізді", - деді  Түркияның Қазақстандағы бас консулы Рыза Каган Йылмаз.

Көрмеге келушілердің ішінде жергілікті туристік фирмалармен келісімшартқа отырып жатқан компаниялар көп. Тек,  Алматының Шымбаұлақ, Медеу, Көк төбе сынды көрікті жерлерінен бөлек елдің әр өңірінде жүздеген орындар бар. Тек, сыртқы жарнама мен қызмет сапасы төмен.

"Біздің туристер қайда барғысы келеді? Көрме зерттеу мен қызмет түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.  Шетелдік компаниялармен байланыс арқылы біз басқа мемлекеттің адамдарына өз  қызметімізді ұсынамыз. Біздегі қонақ үй құны, қызмет ақысы сырты туристер ағыны көбейген кезде төмендеп, сапа жоғарлайды", - деді Қазақстан туризм қауымдастығының президенті  Роза Азанбаева.

"Туризм және Саяхат" көрмесіне 29 елден 5 мыңнан астам фирма қатысып жатыр. Қазақстан туризм қауымдастығына 700-ден астам компания мүше болғанымен, көбі жанбағыс үшін жергілікті жұртты шетке жіберуге жұмыс жасайды. Сәйкесінше  сырттан келетін туристердің орташа көрсеткіші 2 миллион адамнан аспайды.  Ал жер көлемі шағын болсада жылына 6 миллион саяхатшыны тартып отырған Грузия,  адам ағынын арттыру үшін ұшақ құнында құлдыратуға барып отырмыз дейді. 3 күнге созылатын көрме-форум барысында отандық фирмалар ұшақ, қонақ үй, сынды саяхат саласына қатысты проблемаларды талқыламақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу