Негізінен ғимараттың құрылысы 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның ақпаратынша, 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелген.
– Қабылданған өзгерістер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Аталған бұйрық күшіне енгеннен соң Алматыдағы крематорий өз жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіпте қызмет көрсетеді, – делінген хабарламада.
Алматы патологоанатомиялық бюросының бақылау кеңесі осы күні кремация қызметтерінің баға тізімін бекітуде. Қызмет тарифтері мен көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы патологоанатомиялық бюросының ресми сайтында қосымша жарияланбақ.
Айта кетейік, Алматы әкімдігі 2020 жылы крематорийдің жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға тендер жариялаған. Ғимараттың құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында аяқталғанымен, 2022-2023 жылдардың аралығында нысанның ашылуы кейінге шегіріле берді. Ал 2024-2025 жылдары крематорийді қарауына алатын ведомствоның анықталмауына байланысты ғимарат тағы пайдалануға берілмеді.