Алматыда 2023 жылғы 5 қазанда Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісі қиылысындағы жолайрығы бойынша 4 жолақты қозғалысы бар Бұқтырма көшесінің тоннельдік бөлігі ашылды.
Жоба көліктің өту қабілетін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұқтырма көшесі учаскесінің жалпы құрылыс ұзындығы 830 м, оның ішінде тоннель бөлігінің ұзындығы-149 м. Абаттандыруды ескере отырып, осы жол айрықтың құрылысын толық аяқтау қазан айының соңына жоспарланған.
Жол ғылыми-өндірістік орталығының директоры Бағдат Телтаев осы жобаны іске асыру туралы өз пікірімен бөлісті.
Оның айтуынша, Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісі қиылысындағы көлік айрығы және Бұқтырма көшесінің туннель бөлігіндегі қозғалыстың ашылуы Алматы қаласының тұрғындары үшін жақсы оқиға. Мұндай шешім қозғалыс құрамының қарқындылығын егжей-тегжейлі зерттеу негізінде қабылданды, әсіресе қарбалас уақыт, перспективаны ескере отырып.
"Бұқтырма көшесінің Құлжа жолымен қиылысындағы қолданыстағы көлік сақинасы негізгі көлік артериясы болып табылады, ол арқылы таңертең қалаға, ал кешке қаладан көптеген автомобильдер қозғалады. Барлық бағыттарда оңға бұрылатын съездер мен бұрылуға арналған жеке сақиналар бар. Алайда, бұрылу кезінде жылдамдықты азайту керек. Тунельдің арқасында олар бір - біріне кедергі жасамайды, автокөлік жүргізушілері кедергісіз жүре алады", - деп атап өтті Бағдат Телтаев.