Алматыдағы лай көшкіні: Бір отбасының қазасына байланысты тергеу басталды

418

Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.  

Алматыдағы лай көшкіні: Бір отбасының қазасына байланысты тергеу басталды Фото: gov.kz

Алматыда полиция бір отбасы қаза тапқан лай көшкініне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Адам өлімі және бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру фактілері бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы полиция бөлімі басшылығының бақылауында", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 8 ақпанда сағат 02:20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні болды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген. Апаттан 4 адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу