Бұл туралы университет ректорының орынбасары Махаббат Түкібаева мәлімдеді. Оның айтуынша, апеляциялық шағымды Алматының қалалық соты қарап жатыр. Сот шешімімен келіспеген оқу ордасының ұжымы соңына дейін дауласуға дайын. Айта кетейік, Шет тілдері және карьера университетінде сәуір айында тексеріс болып, лицензиясы бір айға тоқтатылған. Арнайы комиссия 46 талаптың 39-ның орындалмағанын анықтаған. Алайда білім ордасы олқылықты түзеп, есеп дайындаған. Бірақ лицензиядан айыру туралы шешім шыққанда, бұл есеп мүлдем ескерілмепті. Сондай-ақ комиссияның өзі университетке басқа оқу орнымен бірігуді ұсынған. Бірақ бұл бастама аяқсыз қалыпты.