Қоғамдық тыңдау барысында әкімнің орынбасары Серік Құсайынов алматылық ЛРТ-ның қашан және қайдан басталатынын айтты. Оның сөзінше, транспорт желісінің құрылысы келесі жылы басталады.
Желі Талғар тас жолының жоғарғы жағынан бастау алып, Төле би көшесінің бойына салынады. Қазір онда трамвайдың бұрынғы рельстері жатыр. Нысанның құрылысына ақша жеке сектордан тартылады.
Ал бюджеттің ақшасы ЛРТ іске қосылған соң, бөлінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу