Алматыдағы LRT: құрылыстың жаңа кезеңі басталды

432

Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесіндегі ұйымдар мен тұрғындарға ескерту жасалды,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.    

Алматыдағы LRT: құрылыстың жаңа кезеңі басталды Фото: orda.kz

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының хабарлауынша, LRT құрылысының кезекті кезеңі аясында Төле би көшесінің Момышұлы мен Жароков көшелері аралығындағы шығыс бағытында орналасқан бұрынғы трамвай желісінің тіректері алынады.

Олардың орнына заманауи сәндік жарықтандыру бағандары орнатылады. Орталықтың мәліметінше, қазіргі тіректерде электр беру, байланыс, интернет желілері, жарнамалық құрылымдар және өзге де инженерлік коммуникациялар орналасқан. Дегенмен олардың бірқатарының иесі немесе пайдаланушысы әлі күнге дейін анықталмаған.

"Бұған дейін байланыс операторлары, интернет-провайдерлер, коммуналдық кәсіпорындар мен инженерлік желілердің иелеріне коммуникацияларды көшіру қажеттігі туралы ресми хабарлама жолданған. Алайда кейбір меншік иелері бұл жұмыстарды әлі аяқтамаған немесе желілердің кімге тиесілі екені белгісіз болып отыр", – деп мәлімдеді.

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы. Осыған байланысты орталық инженерлік желілердің зақымдануы мен электр, байланыс және интернет қызметтерінің үзілуіне жол бермеу үшін Төле би көшесінің аталған бөлігінде орналасқан ұйымдар мен тұрғындарды өздеріне тиесілі желілерді 2026 жылдың 24 шілдесіне дейін алып тастауға немесе басқа жерге көшіруге шақырды.

Ал 25 шілдеден бастап бұл аумақта бұрынғы байланыс торабына тиесілі 165 тіректі демонтаждау және жаңа жарықтандыру бағандарын орнату жұмыстары басталады.

Жобаға сәйкес, қолданыстағы әуе желілерін жаңа тіректерге қайта орналастыру қарастырылмаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу