Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО дүйсенбіде ашылады

689

Карантин режимін жеңілдету аясында жүргізушілерге қызмет көрсететін орталықтар ашылады. 

Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО дүйсенбіде ашылады

25 мамырдан бастап кафе, мейрамхана және басқа да бірқатар орындардың қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов хабарлағандай, қаладағы барлық ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО ашылуға тиіс. 

Халыққа қызмет көрсететін орталықтарға қойылатын талаптар мен олардың жұмыс кестесіне қатысты ақпарат жуырда жарияланады. 

Әзірше Алматыда тек онлайн режимде көлік тіркеуге болады. 

Олжас Оқас

Фото: yvision.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу