10 желтоқсанда Алматы қаласында жас жігіт метро астына құлап, қайтыс болғанын хабарлаған едік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы метрополитені баспасөз қызметі металл қоршаулар "Момышұлы", "Сарыарқа", "Райымбек", "Мәскеу" және "Алмалы" бекеттеріне орнатылғанын мәлімдеген.
Еске салайық, Алматы метросында зағип жанның метро астына түсіп, қайтыс болғанынан соң жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар орнатыла бастаған.
Қоршаулар вагондар арасындағы бекіткіштерге қарама-қарсы платформаларда орналасқан. Бұл вагондар тоқтаған уақытта жолаушылардың құлап кетпеуі үшін қойылып отыр.
Қайғылы оқиғадан кейін мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан метрода қауіпсіздік ережелері толық сақталмағанын жеткізген еді.