Алматыдағы науқастардың 90%-ы мутацияланған штамдарды жұқтыруы мүмкін

838

Қаланың бас санитар дәрігері мегаполистің қайтадан "сары" аймаққа өту себебін түсіндірді. 

Алматыдағы науқастардың 90%-ы мутацияланған штамдарды жұқтыруы мүмкін

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин шұғыл брифинг барысында мегаполис эпидемиологтары жаңа мутацияларды анықтау мақсатында коронавирус штамдарына генетикалық зерттеу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қалада 90%-ға жуық мутацияланған штамдардың таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. 12-19 маусым аралығында мутацияланған штамдардың айналымын анықтау мақсатында ПТР-диагностикасын жүргіздік. 53 зерттеудің ішінен "британды" штам 44 рет (83%), "оңтүстік африкалық" 2 жағдайда (4%) және 1 "нью-йорк" (1,8%) штамы анықталды. Қалған 11%-да COVID-19 вирусының мутациясы анықталмады", – деді Жандарбек Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысының айтуынша, мегаполисте 16 маусымнан бастап жұқтыру көрсеткіші 0,7-ден 0,96-ға дейін өскен.

"Бұл демалыс орындарына бару, тұрғындардың бетперде режимін сақтамауы, эпидемияға қарсы шараларды елемеуі салдарынан болды", – деді спикер.

Сондай-ақ COVID-19 жұқтырған науқастар саны артуының негізгі себебі – инфекцияның тез таралуына ықпал ететін мутацияланған штамдардың артуы.

"Сондықтан 22 маусымда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы тағы да "сары" аймаққа өтті. Жұқтыру көрсеткіші жоғары. Шектеу шараларын бақылау 5 күн ішінде жүргізіледі. Сондықтан Алматыда "жасыл" аймақ режимі тағы 5 күн, яғни 27 маусымға дейін сақталады", – деді Жандарбек Бекшин.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу