Алматыдағы науқастардың саны 121-ге жетті

846

COVID-2019 індетінен 3 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.

Алматыдағы науқастардың саны 121-ге жетті Фото: Максим Морозов

9 сәуір сағат 17:30-дағы мәлімет бойынша Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 121-ге жетті. COVID-2019 індетінен 3 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

"Алматының жұқпалы аурулар стационарында 96 науқас ем қабылдауда. Оның 4-і бала. 72 адамның жағдайы қанағаттандырарлық. 2 ересек адамның жағдайы өте ауыр. Ал 4 науқас ауыр, 18 науқас орта ауырлық күйінде. Бүгін 3 адам сауығып, ауруханадар шығарылды. Олар 1993 жылы және 1985 жылы туған азаматшалар. Сонымен қатар 25 жастағы азамат. Осылайша мегаполисте коронавирустан сауыққандардың саны 26 адамға жетті", – деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы.

Бүгінде шаһардың провизорлық орталықтарынла 301 адам жатыр. Оның 34-і бала. Ал карантинде 388 адам жатыр. Оның 41-і бала. Бұдан бөлек 5217 адам үйдегі бақылауда.

Ал еліміз бойынша жұқпалы дерт жұқтарған саны 764-ке жетіп отыр. 58 адам ауруды жеңіп, жазылып шыққан. Өкінішке қарай 7 адам аты жаман аурудың құрбаны болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу