Алматыдағы оқушы өлімі: Білім министрлігі тергеу нәтижесін күтуді сұрады

667

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мұғалімдер мен мектеп басшыларын балаларға түсіністік танытуға шақырды.  

Алматыдағы оқушы өлімі: Білім министрлігі тергеу нәтижесін күтуді сұрады

Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті алдын ала болжам жасамай, Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының өліміне қатысты тергеу нәтижесін күтуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство марқұм болған сегізінші сынып оқушысының ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, әлеуметтік желілерде бір-біріне қайшы келетін ақпараттар тарап жатқанын ескертті.

"Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қайтыс болған оқушының ата-анасымен байланыста. Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін және ата-анасының сезіміне құрметпен қарау үшін қайғылы оқиға туралы қосымша деректер жарияланбады. Барлығымыз тергеудің ресми қорытындысын күтуіміз керек. Біз ата-аналарды, мұғалімдерді және мектеп басшыларын балаларға барынша түсіністікпен қарауға шақырамыз. Балалардың өмірі мен денсаулығы – біздің қоғамның басты құндылығы", – деп жазылған Балалардың құқықтарын қорғау комитеті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу