Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында Алматының қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев айтты.
"әл-Фараби мен Абай даңғылы қаланың күре тамырындай. Сондықтан жұмыстарды жылдам аяқтау үшін нысандарға 2 мердігер ұйым тартылған. Мұндай шешім учаскелердің ұзындығына байланысты – сәйкесінше 9 және 7 км-ден астам. Ауқымына қарамастан, магистральдық көшелердегі барлық жол-жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанға дейін аяқталады", – деп уәде берді спикер.
Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталуда.
"Бүгінгі таңда біз екі учаскені бітірдік. Қала жағынан жасалатын үшінші учаскенің ұзындығы 600 метр. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамаға түзету жүргізілуде. Содан кейін біз тендер жариялаймыз, бір жыл ішінде жұмысты аяқтаймыз деп ойлаймын", – деп қорытындылады сөзін Сағындық Телібаев.