Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

202

Жыл басынан бері өндіріс көлемі 27,8 пайызға өсіп, негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі қамтамасыз етті.  

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты Фото: Almaty_akimdigi Telegram

2026 жылдың алғашқы бес айында Алматы қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931,3 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,8 пайызға жоғары көрсеткіш.

Қала экономикасындағы өсімге өңдеу өнеркәсібі елеулі үлес қосып отыр. Аталған саладағы өндіріс көлемі 743,2 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 32,1 пайызға артқан.

Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібінің үлесіне Алматыдағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен 80 пайызы тиесілі. Бұл көрсеткіш қаланың өндірістік әлеуетін арттыруда және экономиканы әртараптандыруда өңдеу секторының маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Мамандардың айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсімі қала экономикасының даму қарқынын сақтауға және жаңа өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу