Алматыдағы онкология орталығында ашық есік күні өтеді

510

Қабылдау уақыты: 09.00 - 13.00 аралығы.

Алматыдағы онкология орталығында ашық есік күні өтеді Фото: MedElement

Дүниежүзілік меланома және тері қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай, 26 мамырда сағат 09.00 – 13.00 аралығында Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Шараның басты мақсаты – тері обырын ерте анықтап, алдын алу.

Алматы онкологиялық орталығының мәліметінше, орталықта тері қатерлі ісігі диагнозымен 3,5 мыңға жуық адам есепке алынған. Сондай-ақ, жыл сайын мыңға жуық аталған диагнозбен есепке қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу