Алматыдағы өрт: 1996 жылы туған әйел улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды

727

Жатақханадағы өрттен зардап шеккендер туралы толық мәліметті Алматы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Алматыдағы өрт: 1996 жылы туған әйел улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды Фото: КазТАГ

Сағат 10:20-да Қалалық жедел жәрдем ауруханасына Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен төрт адам келді.

1996 жылы туған әйел жану өнімдерінен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты.

Үш науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тексерулерден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Олардың бірі шетелдік, 1999 жылы туған Үндістаннан келген студент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу