2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Алматыда өртенген балалар үйін жөндеу 3 айда аяқталады

329

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыдағы "Перзент" балалар үйіндегі өрттен кейін тәрбиеленушілердің жағдайымен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда өртенген балалар үйін жөндеу 3 айда аяқталады Фото: ТЖМ

– Кеше өрт болған "Перзент" қайырымдылық қорының ғимаратында тұратын балаларды барып көрдім. Қазір оларды санаторий ғимаратына орналастырған, барлық қажетті жағдай жасалған. Балалармен сөйлесіп, оларға ойыншықтар жеткізуді сұрадым. Барлығы ас ішіп отырды, – деп жазды ол.

Динара Зәкиеваның айтуынша, қазір балалар үйінде 29 бала бар, ал алтауын ата-аналары алып кеткен.

Бірнеше күн ішінде тәрбиеленушілерді қордың басқа ғимаратына көшіру жоспарланып отыр. Ол ғимарат қазір мектепке жақын болу үшін арнайы дайындалып жатыр.

– Өрт болған ғимараттағы жөндеу жұмыстары 3 ай ішінде аяқталады, – деді балалар омбудсмені.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу