Алматыдағы өрт: қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасына 1 млн теңгеден беріледі

496

Шаһар басшысы тиісті тапсырма берді.

Алматыдағы өрт: қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасына 1 млн теңгеден беріледі Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы РСК-да өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өртте қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңгеден материалдық көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік марқұмдардың денесін туыстарына көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа аймақтарына жеткізуге жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ, Алматы қаласында жерлеуді ұйымдастыруға, оның ішінде жерлеу рәсіміне толықтай көмек көрсетіледі", - деді Айдар Жәкібаев.

Қайтыс болған шетел азаматтарының отбасыларына мәйіттерді жерлеу орындарына жеткізуге көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу