Алматыдағы өрт: Тұрғын үйді салған компания қаза тапқан әйелдің отбасына 2 бөлмелі пәтер береді

1709

Бұдан бөлек құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. 

Алматыдағы өрт: Тұрғын үйді салған компания қаза тапқан әйелдің отбасына 2 бөлмелі пәтер береді Фото: stan.kz

Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешенін салған "Ayt housing Complex" ЖШС қаза тапқан Әсел Бекмұхамбетованың отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді.

Компания қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұдан бөлек құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Бұл туралы Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев "Ақкент" тұрғын үй кешені тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

"Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын алуға дайынбыз", - деді ол.

Құрылыс компаниясының мәліметінше, көппәтерлі тұрғын үй 2017 жылы пайдалануға берілді. 2020 жылдың қаңтарына дейін бұл үй бос тұрған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу