Алматыдағы өрт: хостелді жалға беруші қамауға алынды

402

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыдағы өрт: хостелді жалға беруші қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Арнайы прокурорлар "Алматы-Хостел" ғимаратындағы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

30.11.2023 жылы "Алматы Хостел" ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. 

Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылуда.

Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші Мухамедъяров А.  прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қылмыстық іс тергеуі Бас Прокурордың бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу