Алматыдағы өрттен барлығы 49 адам зардап шекті

464

Үш адам жансақтау бөлімінде жатыр.  

 Алматыдағы өрттен барлығы 49 адам зардап шекті Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Назгүл Иманғалиева Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 
мекенжайы бойынша болған өрттен зардап шеккендер жатқан ауруханаларды аралады, деп жазады Inbusiness.kz.

"02.08.2023 жылғы жағдай бойынша өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шекті, оның ішінде екі ересек адам (№7 ҚКА), 15 бала (оның 9-ы - БЖМКО-да, 6 бала - №2 БҚКА-да) стационарлық ем алып жатыр. Қалғандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты", - делінген басқарма хабарламасында. 

Екі ересек адам жан сақтау бөлімінде жатыр: 35 жастағы әйел мен 19 жастағы қыз ауыр жарақат алған. Тағы 1 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты.

1992 жылғы әйел ауруханада жан тапсырды. Ол 5-6 қабаттан құлап, өрт болған жерден дереу N7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген, алайда ауыр жарақаттардан оны аман алып қалу мүмкін болмады. 

Қалған ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы тұрақты.

"Ауруханалардың қабылдау бөлімінде қажетті мамандарды тарта отырып, барлық науқасқа қажетті көмек көрсетілді, көрсетілген көмектен кейін 17 ересек және 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді", — деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54-үйде болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде 5 жансақтау бригадасы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу