Qazaqstan телеарнасының бұзылған ғимаратының орнында заманауи медиа орталықтың құрылысы басталды. Ол келесі жылдың соңында аяқталады, деп жазады inbusiness.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Қаңтар оқиғасы кезінде қатты зардап шеккен қала әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ол 2023 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
"Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам көп жиналатын орындарға жыл соңына дейін 3050 бейнекамера орнатылады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге биыл қосымша 16,8 млрд теңге бөлінді", делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу