Алматыдағы Райымбек даңғылында реверсивті қозғалыс жолағы пайда болады

243

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Алматыдағы Райымбек даңғылында реверсивті қозғалыс жолағы пайда болады Фото: gov.kz

Жылу желілерін реконструкциялауға байланысты 28 шілде сағат 00:00-ден 10 тамызға дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойында Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автомотокөлік қозғалысы жабылады.

Кептелісті азайту үшін бұл аумақта реверсивті қозғалыс үшін уақытша жолақ бөлінеді. Реверс - бұл жолдардағы қозғалыс бағыты керісінше өзгеруі мүмкін арнайы жолақ.

Бұған қоса, күн сайын сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу уақытында жол қозғалысына қосымша бақылау шаралары қолданылады.

"Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында аталған жолдың астындағы құбырда жоспарлы жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу