Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы үндеу жолдады

603

17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді.   

Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы үндеу жолдады Фото: Ашық дереккөз

Осыған орай Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы үндеу жолдады, деп жазады inbusiness.kz.

"17 наурызда Бас консулдықтың аумағында (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент қалалары) сайлауға байланысты дауыс беру өтеді", - деп хабарлады Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы.

Хабарламаға сәйкес, дауыс беру 08:00-де басталып, 20:00-де аяқталады.

"Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 4 мекен жайы бойынша Ресей Бас консулдығының ғимаратында орналасқан №8133 сайлау учаскесі мен №8134 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады", - деп мәлімдеді консулдықтан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу