Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол азаматтардың сайлау процесіне қатысты сұрақтарына түсініктеме берді. Айта кетейік, ресми түрде мегаполис тұрғындары тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Жанна Асанованың айтуынша, барлық бақылаушылар аумақтық сайлау комиссиясымен байланыста, сондай-ақ халықтың шағымдарын бақылауда.
Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова әлеуметтік желідегі түрлі жарияланымдарға қатысты түсіндірме берді.
Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны бүгін Қалқаман ықшамауданындағы №502 сайлау учаскесінде дауыс бергенін, бірақ оған дейін оның тізімде жоқ екенін айтылғаны жөнінде , жазба қалдырған. Оның айтуынша, жақында ол банктік қосымшадан учаскесінің қай жерде орналасқаны туралы хабарлама алған. Сол жерде алматылық азаматтан сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініш қабылданып, бюллетень берілді. Жанна Асанова неге бұлай болғанын түсіндірді.
"Біз сайлаушылар тізімдері қалай құрылатынын және дауыс беру кезінде қайшылықтар қалай туындауы мүмкін екенін түсіндірдік. Жекелеген сайлаушылар дауыс беру күніне 20 күн қалғанда тұрғылықты жерін өзгертеді. Осы уақытта тізімдер қағазға басып шығарылады және сайлау учаскелеріне беріледі, осы кезеңде өзгерістер болуы мүмкін. Атап айтқанда адам 18 жасқа толып, азамат тіркеуін өзгерте алады", - деді Жанна Асанова.
"Қағаз тізімдерінде" орын алған қателіктерге қарамастан, барлық сайлау учаскелерінде сайлаушыны электрондық деректер базасына енгізудің бірегей мүмкіндігі бар. 502-учаскеде дауыс берген алматылықтың жағдайындағыдай, азаматтардың конституциялық құқықтары сақталды.