Алматыдағы Рысқұлов даңғылында орналасқан "Алатау" сауда орталығынан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 3 қаңтар күні сағат 14:34-те өрт сөндіру есептері Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы 103/3 мекенжайына жіберілді.
Сонымен қатар, өрт туралы бейне әлеуметтік желіде таратылып жатыр.
"Сауда орталығының жертөлесінен түтін анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп, өрт сөндіру оқпандарын енгізді. Ал, түтіннің концентрациясын азайту үшін түтін шығаратын өрт сөндіру көлігі орнатылды. Сағат 14:26-да өрт тоқтатылып, 14:41-де толық жойылды. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деп түсіндірді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, сауда орталығының бүгін жұмыс істемейтіні туралы хабарланған.