Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде тыңшылық құралдары саудаланған

959

Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде тыңшылық құралдары саудаланған

Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде  тыңшылық құрылғы жасырын саудаланып келген, деп хабарлады  қаланың ІІД баспасөз қызметі.

Бұл тәртіп сақшыларының кең көлемді жүргізген "Контракт" шарасы барысында анықталып отыр.

 "Шара аясында қызметкерлер  сауда үйлерінің бірінде жасырын түрде аудиоақпарат алуға арналған   GSM-тыңдау құралы түріндегі арнайы техникалық  құралын сатқан Н.есімді азаматты ұстады. Сонымен қатар  бутикті тексеру барысында дәл осындай GSM-тыңдау қондырғысы, сондай-ақ жасырын түрде аудио және бейне ақпарат алуға арналған бейнекамерасы бар тағы бір брелок тәркіленді", – деді Алматы қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы, полиция полковнигі Асқар Сысоев.

Шара  ақпанның  21-і мен 31-і аралығында өткізіліп, авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына қатысты  21 факті анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу