Алматыдағы супермаркеттерде сауда 50%-ға төмендеді

870

Халық қажетті заттарды жаппай сатып алып қойған. 

Алматыдағы супермаркеттерде сауда 50%-ға төмендеді

Алматыдағы супермаркеттерге сауда 50 пайызға төмендеді. Кәсіпкерлердің айтуынша,  төтенше жағдай енгізілгеннен кейінгі дүрбелеңге қарамастан, кейбір тауарға сұраныс төмендеген, деп хабарлайды Atameken Business. 

Халық қажетті заттарды жаппай сатып алып қойған. Қазіргі уақытта азық-түлік, дәнді дақылдар, консервілер, дәретхана қағазы және ұзақ сақталатын тауарлар сұранысқа ие.

"Карантиннің алғашқы күндерінде логистикада проблемалар болды. Халық дүрлігіп, азық-түлік тауарларын жаппай сатып алып кетті. Сөрелерді жаңалап үлгермейтінбіз. Зат таситын көліктер жеткіліксіз болды. Ал қазір бірқалыпты. Сауда азайды",– дейді "Magnum" компаниясының басқарма төрағасы Азамат Османов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу