Алматыдағы тәрбиеленушілер өрттен кейін санаторийге орналастырылды

135

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматыдағы тәрбиеленушілер өрттен кейін санаторийге орналастырылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы "Перзент" балалар үйінде шыққан өрт кезінде мекемеде болған 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бәріне қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр. Тәрбиеленушілерге тамақ беріліп, киім-кешек, азық-түлік және жеке гигиена құралдары жеткізілді. Сонымен қатар балаларға тәттілер таратылған.

Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық қызметі, сондай-ақ Отбасыны қолдау орталығы мен Балаларды қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, елімізге танымал Әмина апаның "Перзент" балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты ашық жанып кетті. Ғимараттың ішінде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу