Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде алаңға кімдер шықты?

1724

Оның ішінде қылмыстық топ пен экстремистік ұйымның мүшелері бар.  

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде алаңға кімдер шықты?

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде алаңға жоғары білімі мен жұмысы жоқ жастар шыққан. Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол бүгінде барлық қылмыстық іс бойынша 741 күдікті сот санкциямен қамауда отырғанын атап өтті.

"Олардың ішінде бұрын сотталған 113 адам, 42 тыйым салынған экстремистік ұйымның мүшелері және 35 ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілдері бар", – деді Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ Бас прокуратура өкілі қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынғандардың жеке басы зерттелгенін айтты.

"Алматы қаласы бойынша олардың портретін жасадық. Негізінен олар – жоғары білімі мен тұрақты жұмысы жоқ 30 жасқа дейінгі жастар. Алматы қаласында ононимді сауалнама жүргізу барысында әрбір үшінші қиратушы жағдайды пайдаланып, бөтеннің мүлкін ұрлағысы келгенін мойындады", – деді өкіл.

Елдос Қилымжанов прокуратура органдары азаматтық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, қамауға алынғандар мен ұсталғандардың жағдайын күнделікті тексеріп жатқанын жеткізді.

"Бүгінде қолданылған бұлтартпау шараларын жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке бастарын, денсаулық жағдайын өзге де сипаттағы материаларды ескеріп, 157 адамға қолданылған қамауға алу, ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақта ұстауға, жеке кепілгерлікке ауыстырылды", – деді Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу