Тәртіпсіздіктерден зардап шеккендерге қашан өтемақы төленетіні белгілі болды

1277

ТЖ кезінде жұмыс істеген полицейлерге, медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға 100 мың теңге беріледі.

Тәртіпсіздіктерден зардап шеккендерге қашан өтемақы төленетіні белгілі болды

Биыл 24 қаңтардан бастап Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен адамдарға өтемақы төлене бастайды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өтемақы 603 қызметкерге төленеді. Олар мемлекеттік органдарда, ауруханаларда, БАҚ-та жұмыс істеген. Оның ішінде 592 құқық қорғау органының қызметкері, 1 ТЖД қызметкері, 3 жергілікті атқарушы органның қызметкері, "Алматы" телеарнасының қызметкері, 6 медициналық ұйымның қызметкері бар.

Ілияс Өсеровтың айтуынша, өтемақы төмендегі көлемде төленеді: ауыр жарақат алғандарға – 2 млн теңге, орташа жарақат алғандарға – 1 млн теңге, жеңіл жарақат алғандарға – 500 мың теңге.

Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген – 3 878 полицейге, 1 207 – төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне, 3 888 – қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкеріне, 93 құтқарушыға 100 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

"Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады", – деді Ілияс Өсеров қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында.

Сондай-ақ полиция департаментіне тиісті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін бүлінген көліктер үшін шамамен 200 млн теңге мөлшерінде бастапқы сома аударылады. Қажет болған жағдайда бұл қаржының көлемі артуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу