Алматыдағы "Таугүл" шағын ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынады

Тамыз айында Сайран көлінің аумағын абаттандыру қолға алынып, 2024 жылдың III тоқсанында аяқталады.  

Алматыдағы "Таугүл" шағын ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Ақсай-2"шағын ауданындағы абаттандырылған сквердің үлгісі бойынша "Ақсай-4" шағын ауданындағы скверді жөндеу жоспарланып отыр.

"Таугүл" шағын ауданында демалысты тиімді өткізетін орын болмағандықтан Шалов бульварында көлік қозғалысын шектеп заманауи жаяу жүргіншілер аймағы құрылады.  Жұмыс шілде айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады.

Тамыз айында Сайран көлінің аумағын абаттандыру қолға алынып, 2024 жылдың III тоқсанында аяқталады. 

"Менің тапсырмам бойынша ақпан айынан бастап "Сайран" көлінің түбін механикалық тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс мамыр айының соңына дейін аяқталуға тиіс. Көлдің түбін тазалағаннан кейін аумағын реконструкциялап, абаттандыруды жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу