Алматыдағы тергеу изолятырынан 80-ге жуықадам босатылуы мүмкін

522

Қасым-Жомарт Тоқаевтың  “Рақымшылық жасау туралы” Заңға қол қоюына байланысты кейбір күдікті азаматтар бостандыққа шығарылмақ.   

Алматыдағы тергеу изолятырынан 80-ге жуықадам босатылуы мүмкін Фото: akorda.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ұсталған 3 адамның қылмысы Рақымшылық жасауға жатпайды деп жазады, inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған порталдың дерегінше,  Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен жыл басында Алматы қаласындағы № 72 мекемесіне (тергеу изоляторы) 563 адам қамалған. "Бүгінде оның 65-і жазасын өтеу орындарына кетсе, 416 адам түрлі негіздер бойынша қамаудан босатылды. Қазір тергеу изоляторында қаңтар оқиғасына қатысты 82 адам ұсталуда. 

“Рақымшылық жасау туралы” заңына байланысты осы күдіктілерге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Олардың арасында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылатындар мен жазасын жеңілдетуге жататындар бар, керісінше 3 адамның жасаған қылмысы рақымшылық жасауға жатпайды", -делінген ақпаратта.

“Рақымшылық жасау туралы” Заңын қолдану үшін барлық материалдар Алматы қаласының аумақтық сотына жіберілген. Бұл Заң бойынша террорлық, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық жасау, азаптау, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу