Алматыдағы "Тұлпар" базары 1 сәуірден бастап жабылады

Сауда орыны модернизациядан кейін қайта ашылады. 

Алматыдағы "Тұлпар" базары 1 сәуірден бастап жабылады Фото: yandex

Бұған дейін онда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жиында "Тұлпар" базарында еңбек ететін кәсіпкерлердің бірі сауда орнын жаңарту мәселесін көтерді. Бұл ретте ол жөндеу жұмыстарын кейінге шегеріп, 1 сәуірде емес, 31 желтоқсанда бастауды сұрады.

"Жаңғырту жұмыстарын бастау бойынша базарлардың иелерімен қол жеткізген барлық келісімдер бойынша заңға сәйкес уақыт кестесі сақталуы тиіс. Базар иелері модернизацияға инвестиция салуы керек, бұл "Тұлпар" базарына да қатысты. Бизнесті тоқтатпау үшін онда сауда жасайтын адамдар басқа сауда алаңдарына ауыстырылады. Менің ойымша, базарға модернизация қажет.  Біз оны жылдан жылға шегеріп келеміз", – деді мегаполис әкімі.

Бұл ретте Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов "Тұлпар" базары ашылғалы бері оған инвестиция құйылмаған, сондықтан қазіргі күйінде жұмыс істей алмайтынын айтты.

"Жалға алушыларға реконструкция уақытын төрт рет шегерді. Бұл жолы біз 1 сәуірден бастауға ниеттіміз. Жалға алушыларға басқа базарларда тегін орын ұсынылады", – деді Алмалы ауданының әкімі.

Осы орайда Ерболат Досаев базарды жаңарту жұмыстарына инвестор табылғанын айтты.

"Әкімдік сізге басқа базарларға көшуге көмектеседі, бірақ модернизация мен қайта құруды кейінге қалдыру мүмкін емес. Инвестор табылды. Оларды ретке келтірсін, кейін сіз қайта келіп, қалыпты жағдайда жұмыс істейсіз, қалада заманауи базарлар болады. Аудан әкімі айтқандай модернизациялау мерзімі 4 рет ауыстырылды. Өзгерген ештеңе жоқ. Көшесіздер. Меншік иесі жақсы шаттар ұсынуда", – деді Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу