Алматыдағы түнгі төбелес: алты күдікті полиция қолына түсті

419

Алматыда полиция қызметкерлері пышақ жарақатына қатысты алты күдіктіні жедел ұстады.

Алматыдағы түнгі төбелес: алты күдікті полиция қолына түсті Фото: canva

Түн ортасында "102" арнасына көшеде пышақ ұстаған бір топ жас жүргені туралы хабарлама түскен. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері алты күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Ақсай шағынауданында болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келген кезде жанжал барысында бір жас жігіттің пышақ жарақатын алғанын анықтады.

"Буран-308" экипажы оқиға ізін суытпай алты жас жігітті ұстады. Олар болған жағдайға қатысы болуы мүмкін. Кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер табылды. Сондай-ақ тергеу үшін маңызы бар заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы тергеу амалдарын жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын, жанжалдың шығу себептерін, қатысушылардың әрқайсысының рөлін және пышақ жарақатын салуға тікелей қатысы бар адамды анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу