Алматыдағы тұрғын алабынан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

453

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Алматыдағы тұрғын алабынан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді Фото: Polisia.kz

Алматыдағы тұрғын алабынан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынынан мефедрон және жылдамдық деген психотроптық заттарды тапты және тәркіледі. 

"Синтетикалық есірткі полиэтилен қабықшаға оралған. Тәркіленген партия жиынтық кестеге сәйкес ірі партия болып саналады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды", деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу