Алматыдағы туризм саласы пандемияға дейінгі деңгейге оралды

2022 жылы мегаполиске 1,8 млн турист келді.  

Алматыдағы туризм саласы пандемияға дейінгі деңгейге оралды Фото: Almaty.tv

2021 жылмен салыстырғанда өсім 48%-ды құрады. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлімдеді.

"Туристік лектің ұлғаюы тиісті инфрақұрылымның дамуына әкелуде. Өткен жылы мегаполисте 2,2 мың төсек- орынға арналған 14 жаңа қонақ үй кешені ашылды. Қала тау туризмі арқылы шетелдіктер үшін тартымды: өткен жылы ұзындығы 150 шақырым 12 маршрут пен 3 кемпинг аймағын абаттандыру аяқталды", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу