Алматыдағы үйлердің 73%-ы басқарудың жаңа түріне ауысты

540

1 118 МИБ тіркеліп, 3 692 ЖС іріктеуден өткен.

Алматыдағы үйлердің 73%-ы басқарудың жаңа түріне ауысты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев бүгінде 1 118 МИБ тіркеліп, 3 692 ЖС іріктеуден өткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қырықбаевтың хабарлауынша, қалада 8879-дан астам көппәтерлі тұрғын үй бар, оларға 820-ға жуық басқару органдары (ПИК, ПИТК және т.б.) қызмет көрсетеді.

"ТКШ реформасын жүзеге асыру үшін біз қалалық Жол картасын бекіттік, 300-ге жуық онлайн-кездесу өткізілді, сондай-ақ Call-орталық аясында 4500-ге жуық тұрғынға кеңес берілді", – деді Д.Қырықбаев.

Осы реформа басталғаннан бері эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 7500-ге жуық көппәтерлі тұрғын үйді қамтыған 3 500 отырыс өткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу