"Алматыдағы ҰҚК департаментінен қару-жарақ ұрланған жоқ"

1439

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматыдағы ҰҚК департаментінен қару-жарақ ұрланған жоқ"

"Кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінен қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар жалған болып табылады", - деп жазады ҰҚК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ҰҚК жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалынған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша кешенді іс-шара жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар 4-8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатынасқан 2 экстремистік топ ұсталғанын мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу