Ал "Бек Эйр" әуе компаниясының құлаған ұшағында болып, ауыр жарақат алған екі бала ертең ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі мәлімдеді. Айтуынша, бүгінде қалған 21 жолаушы ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.
Айта кетейік қазіргі таңда, қазақстандықтарға ұшақ апатымен аты шыққан Бек Эйрдің рейстеріне билет алмауға кеңес берілді. Тиісті хабарламаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өзінің телеграм парақшасында жариялады. Онда мұндай ақыл-кеңес аталған әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқталуына байланысты екендігі жазылған.