Жақында Алматыда 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағында орналасқан Вознесенский соборын нұрландырып тұратын жарық көздері салтанатты түрде іске қосылды. Шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Астана мен Қазақстанның митрополиті Александр, қалалық мәслихат депутаты Артур Котенев және басқалары қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енген, ағаштан жасалған әлемдегі биік православ храмын екі жүзден астам жарық көздері нұрландырады.
Атап өтерлік жайт, бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы жүзеге асатын заманауи жарық технологиялары қазірдің өзінде қаладағы 45-тен астам ғимаратқа жаңа сәулеттік келбет беріп, оларды бұрынғыдан да нұрландыра түсуде.