Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне қатысты дау-дамай ұлғайып барады

290

Алдын ала есептеу бойынша мемлекетке 68 750 000 теңге шығын келтірілген.

Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне қатысты дау-дамай ұлғайып барады Фото: Алматы әкімдігі

Алматы мәдениет басқармасының қызметкерлері мен мердігер компания басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы "Әділдік жолы" РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Бауыржан Мақұлбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Біз Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин ескерткіші төңірегіндегі айла-шаралғылар туралы бірнеше рет жазғанбыз. Осы жылдың 20 наурызында біздің қолымызға Сот сараптамасы орталығының қорытындысы тиді,  онда ескерткіш шын мәнінде көлемі жағынан кішірек және металдың құрамы қола емес, жез болып шыққаны айтылған.  Ескерткіш қазірдің өзінде коррозияға ұшырап жатыр. Мамандардың қорытындысы: келтірілген залалдың жалпы сомасы 68,7 миллион теңге", - деп жазды Бауыржан Мақұлбаев Facebook-тегі парақшасына.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің аса ірі көлемдегі мүлкін жымқыру") бойынша жүргізілуде. Материал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

"Біз сол кезде ескерткішті зерттеуге көп күш жұмсап, мәдениет басқармасының басшылығынан келісім алған едік. Олардың неліктен сонша қарсылық көрсеткенін болжау қиын емес", - деп жазды Б. Мақұлбеков

Айта кетсек, аталған ескерткіш 2021 жылы сол кездегі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу