Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскесінің бірінде оқыс жағдай туындады.
Қазір "Алматы су" МКК апаттық бригадасы оның салдарымен шұғыл түрде күресіп жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа 1972 жылы пайдалануға берілген су құбырының тозуы себеп болған.
Алматы әкімдігі аталған сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуды сұрап отыр.
Анықтама үшін телефон: 274-66-66.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу