Алматыдағы "Южный" саябағы 2024 жылы қайта жаңартылады

Саябақ қала иелігіне қайтарылды, қазір Алматы мәслихаты оны абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. 

Алматыдағы "Южный" саябағы 2024 жылы қайта жаңартылады Фото: Inform.kz

Бұл туралы Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.

Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарға енген. Жаңа жобалар: Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (№1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейін ұзындығы 7,1 км), бұрынғы Резиденция орнындағы саябақ, Тұңғыш Президент саябағы, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніне іргелес аумақ.

"Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша Жер қатынастары басқармасы сквер салу үшін Қазыбек Тауасарұлы көшесіндегі ауданы 0,4 га жер телімін қаланың балансына қайтару бойынша жұмыстар жүргізіп отыр", – деді әкім.

Сонымен қатар жазда "Есентай" өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау басталады, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған құрылғылары орнатылған 2 жаяу көпір мен пандус салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу