Алматыдағы "Жаңа ғасыр" театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

231

Бұл шешім құрмет ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылық мұрасын сақтау мен кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам. 

Алматыдағы "Жаңа ғасыр" театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда "Жаңа ғасыр" театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді ол Асанәлі Әшімов театры деп аталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асанәлі Әшімовтің өнер жолы, театр мен кино саласына қосқан сүбелі үлесі, сондай-ақ ұстаздық қызметі – мұның бәрі ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген.

Театр дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, көрерменге сапалы әрі мазмұнды қойылымдар ұсынатын жаңа белеске қадам баспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу