Алматыдағы жаңа метро стансаларының құрылысына 30 млрд теңге бөлінеді

834

Қаражат республикалық бюджеттен қарастырылады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

Алматыдағы жаңа метро стансаларының құрылысына 30 млрд теңге бөлінеді

Ведомствоның жоспарына сәйкес жаңа стансалатды іске қосу жұмыстары үш жылға созылады. 

2021 жылы жерасты көлік инфрақұрылымын дамытуға  10,4 млрд теңге бөлінеді. Одан кейінгі 2022-2023 жылдарға тағы 10 млрд теңгеден қарастырылады. Ал өткен 2020 жылы бұл салаға 6,8 млрд тенге қаржы салынды.  

Жалпы 2013 жыл мен 2019 жыл аралығында метро стансаларының құрылысына 35,9 млрд теңге сомасында қаржы құйылған. 

Осылайша жоспарға сәйкес 2021 жылдың желтоқсанында "Сарыарка" және "Достык" стансаларының құрылысы аяқталуға тиіс.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу